Қаржы • Бүгін, 16:51

 Криптовалюта платформасы құрылады

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Криптовалюта өмірімізге тереңдеп енсе де   «Көлеңкелі нарықта жүрген 95  пайыздың құқығын кім қорғайды?» деген сауалға әлі жауап жоқ. Бірақ крипто саудасын ешкімнің тоқтата алмайтыны белгілі болып қалды.   ҰБ енді сол 95 пайыз криптоинвесторды заңды айналымға шығармаққа талпынып отыр, деп жазады Egemen.kz

 Криптовалюта платформасы құрылады

Бүгін Ұлттық Банк басқарма төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов лицензиясыз криптовалюта операциялары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын хабарлады. Бұдан былай елімізде криптовалюта айналымын реттеу күшейтілетін болады.

«Технология дамып жатқанын ескерсек, криптоайналым белгілі құбылыс. Біз де осы жүйеге жақын арада қосыламыз және заңнама аясында қылмыстық әрі әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Әкімшілік жауапкершілік лицензияланған алаңдардан тыс криптовалюта сатып алған адамдарға, ал қылмыстық жауапкершілік лицензиясыз қызмет көрсететін сатушыларға қарастырылады»  - деді Берік Шолпанқұлов.

Ұлттық банк тәркіленген криптоактивтерді сақтау үшін арнайы қор құрмайды. Оны классикалық тәркілеу аясында мемлекеттік балансқа алудың қалыптасқан тәртібімен жүргізе береді.

Ұлттық банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық активтер айналымының құқықтық негізін қалыптастыратын заңнамалық түзетулер пакетін дайындап қойды. Түзетулер екі блоктан тұрады.

Цифрлық қаржы активтерін іске қосу және олардың құқықтық мәртебесін айқындау.

Сонымен,  криптовалютаны «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы лицензиясы бар биржалардан сатып алуға мүмкіндік бар.

 Шолпанқұловтың айтуынша,   цифрлық активтердің сомасын және сатып алушылардың өздерінің деректерін қадағалауға мүмкіндік беретін тетік осы ғана .

«Бақылауға болады. Халық қазір криптовалюта жасырын емес екенін түсінуі керек», деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Ол бейресми платформалардың қызметтерін пайдалануды жалғастырған сатып алушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, ал криптовалютаны заңсыз сатушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.